Тоқтар Әубәкіров көшесі – Нұр-Сұлтан қаласының «Алматы» ауданында орналасқан. Максим Горький көшесінен басталып, Керегетас көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 393,8 м.
Тоқтар Әубәкіров – қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер. Ол 1988 жылы Кеңес одағында тұңғыш рет жерге қонбай, әуеде ұшаққа 2 рет жанармай құйдыру арқылы солтүстік полюске ұшу сапарын ерлікпен орындаған.