Мұқан Төлебаев көшесі – Нұр-Сұлтан қаласының «Алматы» ауданында орналасқан. Бауыржан Момышұлы даңғылынан басталып, Қарағанды тас жолына дейін созылып жатыр. Арқайым, Жаңаарқа, Бурабай, Жалаңтөс, Құмкент, Айнакөл көшелерімен қиылысады.
Ұзындығы – 3600 метр.
Мұқан Төлебаев – қазақтың аса көрнекті композиторы, қоғам қайраткері, КСРО халық әртісі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, сонымен қатар Қазақстан Рспубликасының бұрынғы әнұран авторларының бірі.