Есіл көшесі – Нұр-Сұлтан қаласының «Алматы» ауданы, Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабында орналасқан. Абылай хан даңғылынан басталып, Хантау, Қозыбасы көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1232,5 метр.
Есіл өзені – Елорданы екіге бөліп жатқан өзен. Ұзындығы 2450 шақырым болса, Қазақстан территориясындағы ұзындығы 1400 шақырым.