Исатай батыр көшесі – Елордамыздың сол жағалауы, Есіл ауданы, «Үркер» тұрғын алабында орналасқан. Қорғалжын тасжолынан басталып, Жұмабай Шаяхметов көшесінде аяқталады. Үмбетей жырау, Әбілхан Қастеев, Байзақ датқа, Үкілі Ыбырай көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 3489 метр.
Исатай Тайманұлы – 1836-38 жылдары Батыс Қазақстанда болған халық көтерілісінің саяси көсемі, қайсар қолбасшысы, халық батыры.