Мұқағали Мақатаев көшесі – Нұр-Сұлтан қаласының сол жағалауында, ерке Есіл өзенінің бойында орналасқан. Көшенің көркі көз жауын алады. «Арқар» көпірінен басталып, Наркескен көшесінде аяқталады. Жауқазын, Балауса, Босаға көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 2 417 метр.
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев – қазақтың лирик, мұзбалақ ақыны.