Бұқарбай батыр көшесі – Нұр-Сұлтан қаласының оң жағалауындағы «Сарыарқа» ауданында орналасқан. Жеңіс даңғылынан басталып, Әзірбайжан Мәмбетов көшесінде аяқталады. Желтоқсан, Бейбітшілік көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 890 метр.
Бұқарбай батыр Естекбайұлы – XVIII ғасырда өмір сүрген қазақ батыры, әрі шешен.