Түркістан көшесі – Елордамыздың сол жағалауында орналасқан көше. Сарайшық көшесінен басталып Нұрлы жол бульварын кесіп өтіп Сығанақ, Алматы, Керей Жәнібек хандар, Бұқар жырау, Ұлыдала көшелерімен қиылысып, Ақмешіт көшесімен тоғысқан тұста аяқталады. Ұзындығы 6114 м.
Түркістан – V-VІ ғасырларда іргетасы қаланған қала. Есім ханнан бастау алып, XІV-ХVIIІ ғасырларда Қазақ хандығының астанасы болған.