Мұхтар Әуезов көшесі Елорданың оң жағалауында орналасқан. Амангелді Иманов көшесінен басталып, Әлия Молдағұлова көшесінде аяқталады. Абай, Бөгенбай батыр даңғылдарын және Кенесары, Сәкен Сейфуллин, Әліби Жангелдин көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 2716,8 м.
Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері.