Мағжан Жұмабаев даңғылы – Нұр-Сұлтан қаласының оңтүстік-шығысында, «Алматы» ауданында орналасқан маңызды магистраль. Абылай хан даңғылынан басталып, Ахмет Байтұрсынұлы көшесімен аяқталады. Бейімбет Майлин, Бауыржан Момышұлы, Обаған, Балқантау, Айнакөл, Рақымжан Қошқарбаев, көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 3 197 метр.
Мағжан Жұмабаев – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі.