Жаһанша Досмұхамедұлы көшесі – Нұр-Сұлтан қаласының «Байқоңыр» ауданы, Елорданың өндіріс аймағында орналасқан. Әл-фараби көшесінен басталып, Жетіген көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 1997 метр.
Жаһанша Досмұхамедұлы – Алаш көсемі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері.