Шара Жиенқұлова көшесі – Нұр-Сұлтан қаласының «Байқоңыр» ауданы, Елорданың өндірістік аймағында орналасқан. Алаш тасжолынан басталып, Бақтыораз Бейсекбаев көшесінде аяқталады. Күлтегін, Абыралы, Ануар Әлімжанов, Әлмұқан Сембинов көшелерімен қиылысады.
Ұзындығы – 1600 метр.
Шара Баймолдақызы Жиенқұлова – азан шақырып қойған есімі – Гүлшара. Қазақ сахнасындағы кәсіби би өнерінің негізін қалаушы, ұлағатты ұстаз.