Анатолий Храпатый көшесі – Нұр-Сұлтан қаласының «Алматы» ауданында орналасқан. Шәмші Қалдаяқов көшесінен басталып, Тәуелсіздік даңғылында аяқталады. Ұзындығы – 1387 метр.
Анатолий Михайлович Храпатый – әлемнің ең күшті палуандарының қатарына кірген Кеңестік және Қазақстандық ауыр атлет. КСРО-ның Еңбек сіңірген спорт шебері.