Мұхаммед Хайдар Дулати көшесі – Нұр-Сұлтан қаласының «Байқоңыр» ауданында орналасқан. Шоқан Уәлиханов көшесінен басталып, Әлмұхан Сембинов көшесінде аяқталады. Тараз және Асан қайғы көшелерімен қиылысады.
Ұзындығы – 543 метр.
Мұхаммед Хайдар Дулати – толық аты-жөні Дулат Мұхаммед Хұсайынұлы Мырза Мұхаммед Хайдар. Көрнекті мемлекет қайраткері, әлемге аты мәшһүр тұңғыш қазақ тарихшысы, әдебиет майталманы. Ғалымның атын жаһанға танытқан атақты екі шығармасы бар.