Ойыл көшесі – Нұр-Сұлтан қаласының «Байқоңыр» ауданы, Елорданың ескі бөлігінде орналасқан. Арқарлы көшесінен басталып, Николай Гоголь көшесінде аяқталады. Жасыл, Көксеңгір көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 2300 метр.
Ойыл – Асан Қайғы бабамыз қойған жер атауы. Бұл өңір радиусы 7-8 шақырымдай үлкен ойпаттың ортасында тұрғандықтан ертеде «Ой елі» деп аталған екен.