Ілияс Омаров көшесі – ел астанасының сол жағалауындағы кең әрі үлкен көшелердің бірі. Қайым Мұхаметханов көшесінен басталып техникалық атаудағы Е-10 көшесіне дейін жалғасып жатыр. Ұзындығы 1 427 метр.
Ілияс Омаров – мемлекет және қоғам қайраткері, әдебиет сыншысы, жазушы, публицист.