Алматы көшесі – ел астанасының сол жағалауында орналасқан. Қабанбай батыр даңғылынан басталып, Мәңгілік ел даңғылында аяқталады. Түркістан, Ақмешіт, Сауран көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1592,9 метр.
Алматы – Іле Алатауының солтүстік етегіндегі, Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің аралығында орналасқан Қазақстанның ең ірі мегаполисі.