Александр Пушкин көшесі Жұмабек Тәшенов көшесінен басталып, Евразия орамында аяқталады. Ахмет Жұбанов, Жәнібек Тархан, Кенесары көшелері мен Абай, Шәкәрім Құдабердіұлы даңғылын қиып өтеді. Ұзындығы – 4917,2 метр.
Александр Сергеевич Пушкин – классикалық орыс әдебиетінің негізін қалаушы, ақын. Ол орыс халқының әдебиетін жаңа арнаға бұрып, әдебиетті жаңаша дамытып, өркендетуіне мүмкіндік берді.