Ақмешіт көшесі – Сарайшық көшесінен басталып, Д.Қонаев, Достық, Сығанақ, Алматы, Керей, Жәнібек хандар көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 5607,3 м.
Ақмешіт – қазіргі Қызылорда қаласының орнында болған көне бекініс орны. Бекініс 1817 жылы салынған. Тарихшы-ғалымдардың дәлелдеуі бойынша, Ақмешіт бекінісін Қоқан ханы Омархан салғызған. Бекініс ішінде саз балшықтан салынған 50-ге жуық үй, екі мешіт, медресе, оқ-дәрі қоймалары, құдықтар болған. Қазан төңкерісінен кейін бекініске Ақмешіт аты қайта берілді. 1925 жылы оған Қызылорда аты беріліп, ол 1929 жылға дейін Қазақстанның астанасы болды.