Ой-толғау

16 шумақ өлеңі үшін 18 жыл түрмеге отырған қазақ

16 шумақ өлеңі үшін 18 жылға түрмеге отырып шыққан қазақ – Шахан Мусинді біреу білсе, біреу білмес. Аяулы ақын, сахнаның сал-серісі, Халық әртісі Шахан Мусин 1913 жылы туған. 1932 жылы оқудан оралған жас Шахан туған жеріне келгенде аштықтан қынадай қырылған халқын көріп ет жүрегі езіліп, көше бойын жағалай сұлап жатқан қазағына араша іздеп «Наркомға хат» деген 16 шумақтан тұратын өлең жазады.

Осы өлеңі үшін 1936-1954 жылдары бас бостандығынан айырылып, 10 жыл Колымаға, 8 жыл Сібірге айдалып, өмірінің 18 жылын тар қапаста азаппен өткізеді. Алаштың аялы азаматы, өнер тарланы жалынды шағының 18 жылын тар қапаста өткізсе де, оның жігері мұқалмады, өнерге ықыласы бір мысқал да кемімеді… Елге орала салысымен театр сахнасында жасындай жарқырап, өнер айдынында із қалдырды.

HAPKOMFA ХАТ

Сүйеніш қып сынған құрық-таяғын,

«Қайран өмір, қайда сенің баяғың?»

деп еңіреп, тепсе темір үзетін,

Ер-азамат әрең басып аяғын…

Мінерге ат, ішерге ас жоқ сенделіп,

Ой-арманын әлдекімдер өңгеріп.

Күлге аунатып, күресінге тастаса,

Сен отырсың қай жеріңді меңгеріп?!

Қараң қалып сый-салтанат, сән-сауық,

Қабағынан қар емес-ау, қан жауып.

Атамекен, алтын бесік елінен

Әлдеқайда жеті түнде жер ауып.

Айналасы ұлыған аш қасқырдай,

Аш өзегі күйе жеген басқұрдай.

Сонда-дағы жалбарынбай, жасымай,

Жасанды бір Құдайларға бас ұрмай.

Өзі шегіп ащы азабын аштықтың,

Көзін сүзіп қала берді бастықтың.

Голощекин атындағы жалаулы

Ұзын «қызыл керуеніне» астықтың.

Жұртта қалып жүре алмаған кемпір-шал

Күңіреніп көкірек қан, көңіл дал.

Құша беріп немересін, қош десіп

Көз жұмысты, босап буын, құрып әл.

Сәбилерін құрым киізге орасып,

Әке-шеше тағы бірер дөң асып.

Сүлдер құрып, Сібірге де жете алмай,

Сұлай кетті айдалада жыласып.

Күні кеше күн күлімдеп, көл күлген,

Кең далада көмілмеген, көмілген.

Ойда-қырда өлген қазақ жемтігі,

О, замана, бұл азаны кім білген?!

Талақ болып байлық, дәулет, бақ-мұрат,

Енді зар боп сыңар тілім нан сұрап…

Әне жатыр Шыңғыстауда Шәкәрім

Қаныпезер атқан оқтан қансырап…

Сақалынан ыстық жасы тарамдап,

Өлерде де «елім, далам, балам» деп.

Күңіренді Қақпажартас – қарт куә,

Еңлік тағы иен көрінде мың аунап.

Көрші осыны, ағатайым – бастығым,

Ел-жұртыңа болмаса егер қастығың.

 

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button