Жаңалықтар

Саяси-қуғын сүргінге ұшыраған жандардың жақындары оларды ақтауға көмектесе алады

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарынан Кеңес уақытында саяси-қуғын сүргінге ұшыраған, ақталмай қалған жақындары туралы мәлімет сұрастырылып жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

ҚР Президентінің 2020 жылғы 24 қарашадағы № 456 Жарлығына сәйкес, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссия құрылды. Комиссяның бас мақсаты – кеңес дәуірі кезеңінің барлық санаттағы саяси құрбандарына қатысты тарихи әділеттілікті қалпына келтіру.

Шығыс Қазақстан облысының Ақпараттық орталығынан мәлім еткендей, өңірде саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша өңірлік комиссия және жұмыс топтары құрылды.

Сондай-ақ Электрондық қызметтер орталығының порталында «Саяси қуғын-сүргіннің ақталмаған құрбандарын іздестіру» бөлімі ашылды. Онда кез келген азамат Кеңес дәуірі кезеңінде саяси уәж бойынша жазаланған және солардан зардап шеккен ақталмаған азаматтар туралы ақпарат қалдыра алады. Мәліметтер кейін Мемлекеттік комиссияның қарауына ұсынылады.

«Репрессияға ұшыраған туған-туыстары, түрлі себептермен ақталмай қалған жақындары туралы тиісті ақпаратқа ие азаматтардан мәліметтерді аталмыш бөлімге орналастыруды сұраймыз», – деді ШҚО Ақпараттық орталығынан.

Иллюстрациялық фото

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button