Дегенмен бұл нұсқа да балама нұсқаларды ескермей, жабық форматта өткен сияқты. Егер осы латын әліпбиінің жаңартылған нұсқасын мұқият қарасақ, онда У әрпі ғана өзгертілген әрі осы U әрпімен сыртқы көрінісіне оралып, тек Еуропаға терезе ашып, оны дұрыс жазу үшін ғана өзгертілген сияқты. Біздің филологтардың пікірінше, егер бұрын бекітілген алфавит тек бір диакритикалық белгіге негізделген болса (акутке), жақсартылған нұсқада қазақ тіліне тән «ә», «ө», «ү», «і» әріптерін жазғанда әр түрлі диакритиктер қолданылады: umlaut , бревис (ğ), макрон (ū), седил (ş) (ꞔ). Мұндай диакритиктер түрік, әзірбайжан, түрікмен, венгр, неміс, швед, фин және басқа тілдерде кеңінен қолданылады.
Осы мәлімдемелерді қайта қарастырайықшы. Екі суреттегі әліпбилерді салыстырсақ:
акут әріптерінің орнына , umlauts, brevis (ğ), macron (ū) әріптерімен ауыстырылды. Кәдімгі SH және CH орнына жалғыз нәрсе седиль (ş) (ꞔ) арқылы ұсынылды. Айтарлықтай жаңалық енгізілмегенін көріп тұрсыз!
Егер біздің филологтар латын әліпбиінің барлық алдыңғы нұсқалары жоғарыдан шыққан деген пікір айтқан болса, онда 3-суреттегі «28 жастағы» қағазға назар аударайық.
Отыз жылдан астам латын әліпбиіне көшуге шақырғанда, мені көбі қолдады. Дегенмен компьютердің Windows-XP жүйесі 2005 жылдан бастап, елімізде тарала бастағанда, латын компаниясы адасу жолына түсті. Себебі Unicode кестесінде қазақтың тоғыз әріпі тіркелген еді, данышпандар бәрі жақсы болды деп, мәселенің тереңіне үңілмеді. Қазір мұның бәрі артта қалды. Бүгінгі мәселе – бізге қандай латын алфавиті керек және оны тиімділігі?
Айта кету керек, 2018 жылдың 19 ақпанында Елбасы қол қойған латын әліпбиінің бекітілген соңғы нұсқасында күтілген пернетақта шықпай үні жойылды. Ал қазіргі жетілдірілген нұсқада пернетақта осы латын әліпбиінің локомотиві ретінде ұсынылып отыр. (Сурет 4) Бұл тепловоз орнынан да қозғала алмайды, Қазақстан халқы рельстерді бұзып, оған жол бермейді деген сеніммен қорыта айта аламын.
Осы пернетақтаны енгізбекші болып отырған мырзалар Азия елдерінің барлық пернетақталары 26 әріпке байланғанын және ұлттық иероглифтер осы пернелердің жиынтығымен жүретінін біледі ме екен? Сонымен қатар, әлдеқайда қуатты мемлекеттерде Windows операциялық жүйелері ағылшын тілінде Үндістан, Пәкістан, Индонезия және т.б. Грузин тілімен не болып жатқанын білу үшін мен Батуми университетіне арнайы бардым және таңқалғаным, барлық компьютерлерде және бүкіл елде 26 ағылшын әріпінен басқа бірде-бір әріп көрмедім, дегенмен Грузияның бүкіл электронды үкіметі грузин және ағылшын тілінде жұмыс істейді. Дәл осындай жағдай көрші Арменияда да. Қазақстанға оралсақ, жасырын түрде ме, Windows жүйесі орыс тілінде заңнамалық деңгейде бекітілген. Осыдан кейін пернетақтаны ауыстыру амбициясы туралы ойлау керек пе? Қатты айтсам да, бұл нағыз надандық іс. Шетелдік барлық бағдарлалар қазірдің өзінде ең бірінші Ресейлік әдіске ауысып, сосын Қазақстанға келеді. Мен тұрмыстық техникадағы жазулар туралы айтқым да келмейді, олар интернет арқылы басқарылады. Біз зомби болдық па, не әдейі байқамаймыз ба? Мемлекеттік тілді дамыту үшін «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы тек қазақ тілінде істейтін уақыт жетті. Егер бұны байқамасақ қазақ тілі тағдыры осымен бітеді. Саясатқа араласпай, латын әліпбиіне қайта оралайық. Қазақ тілі жағдайы тікелей ақпараттық технологиялармен байланысты болғандықтан, ең бастысы, бізге латын әліпбиі өлең жазу үшін емес, экономикамызды сөйлететін, экономикаға қатысты сөздерді енгізетін әліпби керек екенін ескеру қажет.
Егер ұсынылған латын әліпбиінің алғашқы қателігі пернетақта болса, келесілерді рет-ретімен айтсам:
2. Жақсартылған латын әліпбиіндегі И, Й, I әріптері мәліметтер базасында тәртіпсіздіктерді тудырады, сондықтан диверсанттарды іздеудің қажеті жоқ.
3. Жақсартылған латын графикасындағы Ү, Ұ, У әріптері мәліметтер базасында мағынасын жоғалтып, тағыда тәртіпсіздік тудырады.
4. Ә, Ө, Ү әріптерін жазу үшін (латында ) біз үш рет қозғалыс жасаймыз, ал біз кез-келген мәтінді қолмен де жазатынымызды әрі әдемі жазу жағын ескерсек, бұл қолайсыздық тудырады.
5. Ң әрпін ᶇ түрінде жазу ұсынылған, осы дыбыс ағылшын тілінде де бар, бірақ ағылшындар бұған мән бермейді, біз оларға осылай жазуға кеңес бере аламыз ба? Қазақстанның әрбір екінші азаматында Samsung (Самсың) смартфоны бар. Егер біз бұл сөзді орыс тілінде (Самсунг) айтсақ, ағылшын тілді әлем бізді түсінуі екіталай екеніне сенімдімін. Өздеріңіз байқағандай: қайсысы қазақ тіліне жақынырақ?
6. Ш және Ч әріптерін седиль (ş) (ꞔ) арқылы жазу ұсынылған. Бұл өте орынсыз ұсыныс. Қазақ тілінде Ш әрпі жиі кездесетініне қарамастан (ş) -пен жазу жас ұрпаққа қайшы келтіреді. Жастар Ш әрпін SH арқылы жазуды әбден үйреніп алған әрі SH арқылы жазу әлемдік стандартқа сай. Егер шығыс, шығыс, т.б. + осы сөздерден шыққан фамилияларды электронды поштаға (email), әлеуметтік желілерге (instagram, веб-сайт (website), whatsapp және т.б) жазсақ онда «сәбіз» дейтін бірінші латын нұсқасы сияқты тіпті күлкіге батамыз.
7. Айтпақшы, ұсынылған пернетақтада Ч әріп жоқ, оған орын таба алмады ма немесе оны ұмытып кетті ме? Жоқ әріпті (ꞔ) деп таңбалау өте үлкен сауатсыздық! Әлемдік стандартқа бет бұрғымыз келсе, СH таңбасы дайын емес пе!
8 ……
Пернетақтаға қайтадан оралсақ, біз әлемдік АҚШ клавиатурасына бейімделуіміз керек! Әйтпесе, латын әліппесінің жағдайы өте мүшкіл болады. Ең қауіптісі, елімізде көтеріп отырған Цифрлық Қазақстан дейтін программа қазақ тілін арманға айналдырып, айдалада қалдыратыны сөзсіз. Менің айтарым: Латын әліппесіне көшкенде қазақ латын әліппесі қосымша тіл болып қосылмай, енглиш, орыс тілдеріндей пернетақтаның төрінде отыруы тиіс Себебі, енглиш тілі – жүйенің тілі, оны біз алып тастай алмаймыз. Орыс тілі – 30 жылдың ішінде экомикамыздың тілі болды. Төртінші тілді айтпағанда, үш тілде бір уақытта компьютермен жұмыс істеу үнемі ыңғайсыздық тудырып жүргенін әр қазаққа белгілі.
Сол себептен біз International keyboard US пернетақтасына бейімделгеніміз жөн. Жоғарыдағы көрсетілген пернетақтаны орнату жеңіл және қолдану өте қолайлы. Қазақ әріптерді басу үшін сосын кез келген әріпті басу керек. Үлкен әріптерді жазғыларыңыз келсе, онда сосын – пен бірге кез келген әріпті басасыз. Ал егер дәрежелерді, не болмаса үстінгі қатардағы көк түсті символдарды 2², 4³, €,¼, .. жазғыларыңыз келсе, онда -пен бірге кез келген символды басу керек.
3-суретке назар аударсақ, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Елбасымыз Keybord-26 пернетақтасына назар аударған болса керек, ал біздің қазіргі Президентіміз әліпбиді ауыстыру кезінде қаржылық шығындарды ескеру керектігін тікелей көрсетті. Бұл шығындарды латынға көшу комиссиясы ескерді ме екен? Егер кімде-кім ABCnet латын әліпбиіне күмәнданса, онда бұл әліпбидің мектептер мен университеттер қабырғасында қолдану тәжірибесі бар екенін ескертемін және заңды түрде. Бұған Тасмағамбетов, Көшербаев мырзалар сенатор Жұмағұлов, 30 жылдың ішінде білім ғылым министрлері бәрі куә. 1-10 сыныптардан бастап орыс сыныптарында олар оны үш сағатта үйренді. Қазақ мектебінің оқу үлгерімі жақсы оқушылар оны 15 минуттың ішінде игеріп алды.
ABCnet латын әліпбиі жоба ретінде ұсынылғанын бірден хабарлағым келеді. Бұл жоба дайын және бірден іске кірісетін программасы бар. Латын әліпбиіне көшіретін конвертор 11 жыл бұрын жасалған және барлық ірі қазақ тілді сайттар мен порталдарға, соның ішінде Қазақстан РТРК-не ұсынылған. Бүгінде бұл сілтеме www.abai.kz сайтында жұмыс істейді. Бұл әліпбидің артықшылықтарын бір сөзбен айту қиындау, себебі елімізде интернет сауатсыздығы қазақ тілінде ешқашан дұрыс көтерілген емес, біз оны тек орысша түсіндік. Бұл мақаланың жалғасы болады деп сенемін.
А4 форматты қағаздың жарты бетіне сыятын ABCnet латын алфавиті осы.
Жанат Аймағанов
Дереккөз: Abai.kz