[:kk]Илья Ильин Ташкенттегі халықаралық турнирде топ жарды[:]

[:kk]Қазақстандық зілтерімші Илья Ильин Ташкентте өтіп жатқан халықаралық бірлік чемпионатында жеңіске жетті, деп жазады Olympic.kz.

Ильин 102 келіге дейінгі салмақта сынға түсті. Қоссайыс нәтижесі бойынша қазақстандық ауыр атлет 355 келіні (160+195) бағындырған. Екінші орынды катарлық Фарес Ельбах еншіледі (353 келі). Үздік үштікті Өзбекстан өкілі Омарбек Шохназаров түйіндеді (341 келі).

Айта кетелік, осыған дейін Қазақстан командасының мүшесі Игорь Сон (61 келі) алтын жүлдегер атанған болатын.

 

 [:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp