[:kk]Мемлекет басшысы Грузия Президенті Саломе Зурабишвилиге көңіл айтты[:]

[:kk]Мемлекет басшысы Грузия Президенті Саломе Зурабишвилиге көңіл айтты,деп хабарлайды Alash24.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Шатили таулы мекені маңайында орын алған жол-көлік апаты салдарынан көптеген адамдардың қаза болып, зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдап, көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Осындай ауыр сәтте орны толмас қайғыға ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан достас Грузия халқына, жақындарынан айрылған отбасыларға көңіл айтамын. Қасіретті оқиғада зардап шеккендердің тез арада сауығуына тілектеспін», – делінген жеделхатта.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp