[:kk]ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Роскосмос» ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Д. Рогозинмен кездесу өткізді. Бұл туралы Alash24.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Екі тарап ғарыш саласындағы Қазақстан – Ресей ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, оның ішінде «Байқоңыр» ғарыш айлағын одан әрі дамыту мен Жерді қашықтан зондтау саласындағы өзара іс-қимылды талқылады.
«Бәйтерек» бірлескен ғарыш зымыран кешенін («Назарбаев старты») құру жобасына және БАӘ-мен бірлескен, «Гагарин стартын» жаңғыртудың үшжақты жобасына ерекше назар аударылды.
Кездесуге ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы Б. Мусин қатысты.[:]