[:kk]Тәжікстанмен арадағы ынтымақтастықтың даму болашағы СІМ-аралық консультациялар аясында талқыланды[:]

[:kk]

Бүгін бейнеконференция форматында Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары Марат Сыздыков пен Зохир Саидзода деңгейінде СІМ-аралық консультациялар өтті, деп хабарлайды Alash24.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Келіссөздер барысында тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, оның ішінде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Бұған дейін қол жеткізілген келісімдерді іске асырудың маңыздылығы атап өтілді.

Алдағы уақытта өтетін жоғары деңгейдегі іс-шаралар аясында өңірлік және халықаралық күн тәртібі мәселелері жан-жақты қаралды. Тараптар екі мемлекеттің өңірлік және халықаралық ұйымдар шеңберінде өзара сындарлы іс-қимылын атап өтті.

[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp