[:kk]Мәжіліс депутаты ШҚО халқымен мемелекеттік қызметтің қолжетімділігі мәселелерін талқылады[:]

[:kk]Қазіргі уақытта Мәжіліс депутаты Ирина Унжакова Шығыс Қазақстан облысы халқымен карантин уақытында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша талқылау өткізуде, деп хабарлайды Alash24.kz ҚР Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Депутат Өскемен қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталығында болып, мамандармен сөйлесіп орталықтың тыныс-тіршілігімен танысты. Сондай-ақ, орталық қызметіне жүгінген тұрғындармен де тілдесті. Айтуларынша, карантин уақытында да мемлкеттік қызмет тиісті деңгейде қолжетімді болған. Тұрғындар уақытша шектеулерге түсіністікпен қарап, жеке сұрақтардың оңтайлы шешімін тапқанын алға тартты.

Депутат «Азаматтарға арналған үкімет» жұмысына да баса назар аударды. Мамандар атап өткендей,олар интернеті жоқ, әрі өздігінен ХҚО келе алмайтын азаматтардың үйіне барады. Бір айдың ішінде осы санаттағы азаматтардан 100 ге жуық өтініш түскен.

Өскеменде Ирина Унжакова «Жанұя » құрылыс алаңында болды. Нысан«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында салынуда. Жаңа мекеме «бір терезе» қағидаты бойынша отбасылық жұмысқа бағытталған. Қиын жағдайға тап болған кез-келген отбасы бұл жерден тегін ақпарат, консультация, білім бағыттары бойынша көмек алуына болады.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp