[:kk]Үкіметте өнеркәсіп саласында өсім көрсеткен өңірлер аталды[:]

[:kk]Қаңтар-маусымда сыртқы сауда айналымы 42,5 млрд долларға жетті. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлім етті, деп хабарлайды Alash24.kz

«Қаңтар-маусымда сыртқы сауда айналымы 42,5 млрд долларға жетті. Экспорт 26 млрд долларды, импорт – 16,5 млрд долларды құрады. Сауда балансының оң сальдосы 9,5 млрд доллар деңгейінде сақталуда», – деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, өнеркәсіп өндірісі 1,3 пайызға, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 3,8 пайызға ұлғайды. Бұл ретте мұнай өндіру қарқынының жоспарлы төмендеуі нәтижесінде тау-кен өндіру өнеркәсібі 0,4 пайызға төмендеді.

«Өнеркәсіп бойынша өсім көптеген өңірлерде байқалады. Ең көп өсімді Солтүстік Қазақстан (8,1%-ке) және Қостанай (6,5%-ке) облыстары, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы (6,5%-ке) көрсетті. 5 өңірде төмендеу тіркелді. Бұл Қызылорда (-10,4%), Маңғыстау (-4,5%), Ақтөбе (-3,3%), Шығыс Қазақстан (-0,6%) облыстары және Шымкент қаласы (-0,8%)», – деді Р. Дәленов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Үкімет отырысында 2020 жылғы қаңтар-шілденің қорытындылары бойынша елдің әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері қаралуда.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp