[:kk]Қазақстан фермерлер одағы тірі мал экспортына тыйым салуға қатысты пікір білдірді[:]

[:kk]ҚР Ауыл шаруашылығы министрімен өткен кездесуде «Қазақстан фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері тірі малдың экспортына тыйым салу мерзімін 6 ай емес 60 айға дейін ұзартуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиын барысында Сапархан Омаров фермерлер одағының президенті болып сайланған Жигули Дайрабаевты құттықтады. Сондай-ақ, министр бұған дейін ҚФО мүшелерінің көпшілігімен дәстүрлі сенбілік кездесулерде жолыққанын айтты. Ол бұл толық құрамдағы алғашқы кездесу екенін атап өтті.

ҚФО мүшелері ҚР АШМ министріне ауыл шаруашылығының барлық өзекті мәселелері туралы ашық айтты. Оның ішінде гербицидтерге субсидия алу мәселелері, сондай-ақ сүтті және етті мал шаруашылығындағы қазіргі жағдай да кеңінен талқыланды.

Атап айтқанда, фермерлер «Мал шаруашылығын дамыту» бағдарламасында олқылықтар жіберілгенін алға тартты. Олардың пікірінше, мал басын көбейту үшін «ангус» тұқымының импортына баса назар аударылғаны қателік. Себебі, бельгиялық сиырлардың көрсеткіштері әлде қайда жоғары: бұқа мен сиырдың тірі салмағы айтарлықтай көп, сойылған кезде 80%-ға жуық, ал ангус 65%-ға жуық ет береді. Сонымен қатар, ангусқа қарағанда сүтті екен.

Сонымен қатар, Қазақстан фермерлер одағының өкілдері ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі тірі малдың экспортына 6 айлық мораторий жариялауына қатысты ойларын ортаға салды. Фермерлер толықтай ҚР АШМ шешімін қолдайды. Сондай-ақ, ҚФО кейбір мүшелері тыйым салу мерзімін 5 жылға дейін ұлғайтуды ұсынды.
Фермерлер көтерген мәселер бойынша ҚР АШМ басшысы министрліктің 2017-2021 жылдарға арналған АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында жүйелі мәселелерді шешу бойынша жоспарлы түрде жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Соңғы жылы осы бағытта елеулі қадамдар жасалды.

Атап айтқанда, саланың жұмысын тиімді және қазіргі заманға сай, ал оның ережелері таза және баршаға түсінікті ететін заңнамаға елеулі түзетулер енгізілді. Бұдан басқа, жер пайдаланудың тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа өзгерістер әзірленуде.

Жиын соңында Сапархан Омаров бірлестік өкілдерімен үнемі кездесу өткізуге уәде берді. Уақытты үнемдеу үшін үшін бейнеконференция арқылы кездесу өткізуді ұсынды.

«Бүгінгі біздің кездесуіміз жемісті де, жеңісті жұмыстардың бастамасы. Ісіміз ілгері басуы үшін, қордаланған мәселерді ортаға салып талқылап, тиімді шешу жолдарын ұсынуымыз қажет. Сондықтан ашық піәкір алмасу арқылы бьірігіп жұмыс істеуге шақырамын», – деп атап өтті Сапархан Омаров.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp