[:kk]Damumed төңірегіндегі дауға министрлік түсініктеме берді[:]

[:kk]ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Damumed төңірегіндегі дауға түсініктеме берді деп хабарлайды Alash24.kz

«Соңғы уақытта әлеуметтік желі қолданушылары іс жүзінде көрсетілмеген қызметтердің медициналық қызметтер ақпараттық жүйесіне енгізілуіне қатысты тақырыпты талқылай бастады. Бұл шындығында да бұрмалау және біз мән-жайды анықтап жатырмыз», – деді ресми өкіл Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Оның атап өтуінше, Денсаулық сақтау министрлігі мұндай істердің ашықтығына мүдделік танытатындығын баса айтты.

«Азаматтардың белсенділігінің арқасында ашықтықты қамтамасыз ете аламыз. Бұл жүйенің кемшіліктерін тауып, болашақта қайталанбас үшін оларды жөндеу өте маңызды. Денсаулық сақтау министрлігі де, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры да бұл жағдайды түбегейлі түзетуге мүдделі», – деді Бағдат Қожахметов.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp