[:kk]Сенат сайлауы: халықаралық ұйымнан байқаушыларды аккредиттеу қаралды – ОСК[:]

[:kk]Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында 2020 жылғы 12 тамызға тағайындалған ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауына халықаралық ұйымнан байқаушыларды аккредиттеу тақырыбы қаралды, деп хабарлайды Alash24.kz

ҚР ОСК төрағасы Берік Имашев ағымдағы жылдың 24 шілдесінде Орталық сайлау комиссиясының қаулысы негізінде халықаралық байқау институты ашылғанын еске салды.

Өз кезегінде Ортсайлауком мүшесі Анастасия Щегорцова Сенат депутаттарының сайлауына халықаралық ұйымнан байқаушыларды аккредиттеу туралы баяндама жасады.

«Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Конституциялық Заңның 20-2-бабына сәйкес, шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады. 2020 жылғы 6 тамызда Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінен 5 байқаушы аккредиттеуге шығарылды. Осы орайда Әзербайжан Елшілігінің 2 өкілі және Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия елшіліктерінен бір өкілден бар», – деді Анастасия Щегорцова.

Айта кетейік, сайлау заңнамасына сәйкес, 6 тамызда сағат 18:00-де халықаралық байқаушыларды аккредиттеу аяқталды.

Еске салсақ, 2014 жылы сайланған Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі осы жылдың қазан айында аяқталады. Осылайша, 2020 жылдың 12 тамызында еліміздің жоғары заң шығарушы органы жоғары палатасына 17 өңірден бір-бір депутаттан сайлануы қажет.

2020 жылғы 24 шілдедегі жағдай бойынша елімізде Сенат депутаттығына сайлау комиссиялары 58 кандидатты тіркеді. Орташа алғанда бір орынға үш үміткерден болып отыр.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp