[:kk]Президенттік кадр резервінің өкілі Шымкент әкімінің орынбасары болып тағайындалды[:]

[:kk]Президенттік Жастар кадрлық резервінің өкілі Айбек Берікұлы Сәттібаев Шымкент қаласының әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Alash24.kz

Айбек Берікұлы 1987 жылы туған, білімі жоғары.

Мамандығы бойынша қаржыгер, мемлекеттік саясат магистрі. Ол Банк ісі жоғары мектебінің колледжінде, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті мен «Болашақ» стипендиясы аясында Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебінде білім алған.

Еңбек жолында Қазақстандағы түрлі банк мекелерінде, Қаржы министрлігі, Қаржы мониторингі комитетінің бас маманы, сарапшысы, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің стратегиялық жоспарлау басқармасының басшысы, Алматы қаласы әкімінің бас инспекторы, Алматы қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары, «Uly Dala» компаниялар тобы бизнесті дамыту жөніндегі директоры болып еңбек еткен.

Бүгінгі күнге дейін «Каспий» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс атқарып келген.

 [:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp