[:kk]Тоқаев Қырғызстан президентіне көңіл айтты[:]

[:kk]Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан  Президенті Сооранбай Жээнбековке және халқына коронавирустан қайтыс болғандарды Ұлттық аза тұту күніне байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Alash24.kz

“Қазақстан халқы және өзімнің атымнан коронавирус инфекциясының құрбаны болған бауырлас Қырғызстан азаматтарын еске алуға байланысты шынайы қолдау білдіргім келеді. Осы қиын сәтте орны толмас қайғы-қасіретпен бөлісе отырып, мезгілсіз кеткендердің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын, бүгінде осы аурумен күресіп жатқан азаматтардың тезірек сауығып кетуін тілеймін”, – делінген Тоқаевтың хабарламасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев қабылданған шаралар, қырғызстандықтардың бірлігі мен тұтастығы жақын арада елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Сондай-ақ, Президент Қазақстан бұрынғыдай көрші Қырғыз еліне қолдан келгенше көмек көрсетуге дайын екенін айтты.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp