[:kk]«Бәйтерек» монументінің авторы қайтыс болды[:]

[:kk]Қазақстанның құрметті сәулетшісі, «Астана-Бәйтерек» монументінің авторы Ақмырза Исаұлы Рүстембеков өмірден озды. Қайғылы қаза жайлы «Алматыгенплан» ҒЗИ  хабарлады.

«2020 жылдың 29 шілдесінде Қазақстан сәулетшілер одағының президенті Ақмырза Исаұлы Рүстембеков қайтыс болды», – делінген хабарламада.

Ақмырза Рүстембеков – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның құрметті сәулетшісі, Шығыс елдерінің Халықаралық сәулет академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының құрметті профессоры, Ресей сәулетшілер одағының құрметті мүшесі, Қазақстан дизайнерлер одағының мүшесі.

«Астана-Бәйтерек» нысаны үшін ол ТМД елдерінің сәулетшілер одағының Халықаралық қауымдастығының X-ші халықаралық байқауында Гран-при мен алтын медальға ие болды. 2003 жылы Софиядағы Бүкіләлемдік сәулет Триенналының күміс медалін, 2003 жылы Бішкектегі Сәулет фестивалінде Гран-при және Қырғыз Республикасы Сәулетшілер одағының алтын медалін иеленді.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp