[:kk]Бүгінгі таңда біз бұған дейін ешқашан жасалмаған шараларды қолға алдық – Сағынтаев[:]

[:kk]Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бүгінде Алматыда коронавирус пандемиясының дамуының бірнеше нұсқасы қарастырылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Alash24.kz

Бұл туралы қала әкімі «Алматы» телеарнасында өткен Akimat Live бағдарламасы барысында мәлімдеді.

“Күзде жағдай қандай болатынын ойланып отырмыз. Оптимистік те, пессимистік те болжамдар бар. Бірақ біз екіншісіне, яғни, қиын жағдайға дайындаламыз. Ол үшін қажет дәрі, жеке қорғаныш заттарының санын есептеу керек. Қажет жағдайда қосымша қаржы бөлеміз”, – дейді қала басшысы.

Фото: пресс-служба акимата

Сондай-ақ Алматы әкімі денсаулық сақтау жүйесіне өзгерістер енгізіліп жатқанын айтты.

“Бүгінгі таңда біз бұған дейін ешқашан жасалмаған шараларды қолға алдық. Шұғыл әрі өте қысқа мерзімде ауқымды жаңа стационарлар ашып, оларды қажетті барлық техникамен жабдықтаудамыз. Ғимараттардың бөлмелерін қайта жоспарлап, шлюздер мен оқшауланған бокстар құрылуда. Барлық деңгейдегі медициналық көмек көрсетудің тиімділігін арттыру үшін денсаулық сақтау жүйесіне өзгерістер енгізудеміз”, — деді Бақытжан Сағынтаев.

Айта кетейік, мегаполисте қосымша төсек-орындар жасақтау, қаланың барлық кадрлық резервін жұмылдыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда пандемиямен күрестегі алдыңғы шепке 4464 медицина қызметкері (2681 дәрігер мен орта медицина мамандары) жұмылдырылды. 1526 маманнан (дәрігерлер – 246, орта қызметкерлер – 1009, кіші медициналық қызметкерлер және басқалары – 145, волонтерлер – 106) кадрлық резерв жасақталды. Барлығы 328 адам жұмысқа орналастырылды (оның ішінде 96 дәрігер, 160 орта медицина қызметкері, 72 кіші медицина қызметкері және басқалар).[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp