[:kk]Отандық кәсіпкерлер Үкіметтен көмек сұрауда[:]

[:kk]Қазақстан-Қытай шекарасында қалың кептеліс кесірінен бір айдан бері отандық кәсіпкерлер тауарларын көрші елге жеткізе алмай келеді, деп хабарлайды Alash24.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Вагондарға тиелген ауыл шаруашылығы мен тау-кен өнімдерін экспорттаушылар қиын жағдайын айтып «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына жүгінген.

Әзірге қанша кәсіпкердің қандай шығынды арқалағаны нақтыланбады. Бірақ ұлттық палата өкілдері бірқатар құзіретті органдарға хат жолдап, түйткілді шешуге көмектесуді сұраған.

Бір ай бұрын Қытай тарапы Орталық Азия елдерінен өнімдерді қабылдай алмайтынын хабарлаған. Бірақ шектеу мерзімі мен себебі нақтыланбады. Салдарын кәсіпкерлер көріп отыр.

Шығыс Қазақстандағы күнбағыс майын өндіруші вагондарға тиелген тонна-тонна тауарын межелі жерге жеткізе алмады. Ал станцияда қозғалыссыз тұрған вагондар үшін операторға млн-даған айыппұл төлеуі тиіс. Бұл бір ғана мысал. Не істерін білмей дал болған кәсіпкерлердің бірі ұлттық палатаға, енді бірі Үкіметке хат жазып, көмек сұрап отыр.

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының логистика және жүк тасымалы департаментінің сарапшысы Дархан Мұратхановтың айтуынша, ауыл шаруалығы, тау-кен өнімдері шекара асуы тиіс еді. Әзірге форс-мажор жағдайда қалған өндірушілердің саны мен келтірілген шығынды дөп басу қиын.

Жалпы жыл басынан бері қытай-қазақ арасында 5,3 млн тонна тауар тасымалданды. Бұл былтырғыға қарағанда шамамен 1,5 млн тоннаға артық.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp