[:kk]Ақтау қаласы әкімінің орынбасары жаңадан тағайындалды[:]

[:kk]Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып Әбдіқадіров Мәлік Сейілханұлы тағайындалды, деп хабарлайды Alash24.kz

Әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, Мәлік Сейілханұлы 1978 жылы туған.

1999 жылы Қайнар университетін, 2011 жылы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін Мұнай-газ ісі мамандығы бойынша бітірді. Сонымен қатар, 2011 жылы Абердин университетін бітіріп, магистр дәрежесін алды.

Еңбек жолын 1999 жылы Бейнеу облысы прокурорының көмекшісі ретінде бастаған, 2014 жылдан бастап облыс прокуратурасында түрлі қызметтер атқарған. 2014-2015 жылдары “Лукойл Оверсиз” компаниясының “Батыс-Курина-2” жобасының әкімшілік менеджері, 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Маңғыстау облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары, департамент басшысы, Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департамент бастығы болды.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp