[:kk]Қазақстандықтар көп демалатын Хайнань аралында коронавирустан бір адам көз жұмды[:]

[:kk]Хайнань провинциясы денсаулық сақтау жөніндегі комитеті коронавирустың аралдағы алғашқы құрбаны жайлы хабарлады. Вирустан пайда болған пневмониядан Ухань қаласынан курортқа келген 80 жастағы әйел көз жұмған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Риа Новости-ге сілтеме жасап.

27 қаңтар сағат 7:00-дегі мәлімет бойынша, Хайнань провинциясында коронавируспен ауырып жатқандар саны – 31. Төрт адам ауыр халде.

Өлімге әкелетін дертке шалдыққандар әйгілі туристік Санья (10 жағдай) және Хайкоу (6) , сондай-ақ, Ваньнин (7) қаласында тіркелген.

Қытай билігі 2019 жылдың 31 желтоқсанында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына елдің орталық бөлігінде орналасқан Ухань қаласында белгісіз пневмонияның туындағаны жайлы хабарлаған еді.

Мамандар аурудың қоздырғыштарын анықтады – бұл 2019-nCoV коронавирусы.

Қытайдан бөлек, аталған дертке шалдыққандар Гонконгта, Макаода, Тайвань мен Тайландта, Жапония мен Оңтүстік Кореяда, сондай-ақ, АҚШ пен Канадада, Въетнам, Сингапур, Непалда және Франция, Австралия, Малайзияда тіркелді.

Ал Қытайда вирус жұқтырғандардың саны 2744-ке жетті. Соңғы мәліметтер бойынша, олардың 80-і қайтыс болды.

Еске сала кетейік, 26 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы коронавирустың елімізде таралуының алдын алуды тапсырды.

Осыған байланысты Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин жиын өткізді.

Кейінірек Қытай мен Қазақстан арасындағы барлық шекара жабылды.[:]

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp