[:kk]Ішкі істер министрлігінің мамандары Арменияға арнайы барып, қазақстандық азаматтардың көлікті қалай сатып алғанын білді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Министрдің бірінші орынбасары Марат Қожаевтың айтуынша, Армениядан шамамен 22 мыңнан астам көлік жеткізілген.
Қазақстандықтар автокөлікті сатып аларда ортақ тәртіпті бұзып жатқанын білген көрінеді.
“Қазіргі кезде біздің мамандарымыз Арменияға кім барғанын және көлікті қалай сатып алғанын зерделеу үстінде. Осы орайда айта кетерлік жайт, бүгінде көлік алғандар наразылық білдіріп жатыр. Не істеп жатқанымызды білмедік дейді. Өкінішке қарай, олай емес”, – деді Қожаев астанада өткен баспасөз жиынында.
Оның айтуынша, министрлік өкілдері армян әріптестерімен бірге жұмыс істеп, маңызды ақапартты анықтаған.
“Қазақстан азаматтары бәрін білген. Ол көліктер тек Армения азаматтарына ғана арналған болатын. Бұл – Еуразиялық экономикалық одақтың талабы“, – деп толықтырды министрдің бірінші орынбасары.
Қожаевтың сөзінше, қазақстандық азаматтар арзан көліктердің кімге арналғанын біле тұра, сол жердің азаматы ретінде тіркеліп, көлікті өз атына аударған.
“Олар Армения Республикасында сол елдің азаматы ретінде тұрақты тіркеуге тұру арқылы көлік сатып алған және заңсыз анықтама жасатқан. Осының өзі бәрін біле тұра сондай қадам жасалғанын көрсетеді. Сол арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасын айналып өтеміз деп ойлады. Бірақ олай болмайды“, – деп түйіндеді Қожаев.
Ал Қырғызстанда сатып алынған көліктердің саны – шамамен 15 мың дана. Оладың басым бөлігі сенімхатпен сатылған. Ресейден келген көліктер де солай.
“Бүгінде Армениядан келген көліктердің шамамен 10 пайызы – оң жақ рөлді көліктер. Қазақстанға ондай көліктерді кіргізуге рұқсат жоқ. Осы шектеуді енгізгенімізге біраз уақыт болды. Ал техникалық регламентке сай емес көліктерді пайдалануға жол бере алмаймыз”, – деп атап өтті Қожаев.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін ІІМ басшысының орынбасары Қазақстанда тіркелгеннен кейін ЕАЭО елдерінен әкелінген барлық көліктерге іліну жоспарланған нөмірлік белгілердің алғашқы үлгісін көрсетті.
[:]