VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қаршыға салудан Қазақстан қоржынына алтын жүлде түсті

Құсбегіліктен Қазақстан құрамасы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы алғашқы алтын жүлдесіне қол жеткізді. Қаршыға салу бәсекесінің қорытындысында ұлттық құрама мүшесі Серікболсын Жалғасұлы қарсыластарынан озып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Биыл құсбегілік бәсекелерінде 10 мемлекеттен келген спортшылар бақ сынауда. Қазақстан құрамасының тоғыз мүшесі «Бүркіт салу», «Ителгі салу» және «Қаршыға салу» бағыттары бойынша сынға түсіп жатыр. Олардың қатарында ел ішіндегі және халықаралық жарыстарда тәжірибе жинақтап, жүлделі орындардан көрініп жүрген құсбегілер бар.

Ұлттық құрама дүбірлі додаға бірнеше ай бойы жүйелі дайындалды. Оқу-жаттығу жиындарында құсбегілердің шеберлігін жетілдірумен қатар, қырандарды жарыс жағдайына бейімдеу мен бабына келтіруге басымдық берілді.

Жарыс «Бүркіт салу» бағыты бойынша жалғасуда.

Айта кетейік, құсбегілеріміздің VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысуына Республикалық Құсбегілік Федерациясының Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, сондай-ақ ҚР Туризм және спорт министрлігі, «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ қолдау көрсетуде.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp