«2025 жылдың тамыз айынан бері біз «Заманауи көшпенділер» сериалының 43 бөлімін шығардық. Онда Қазақстанның көркем табиғаты, бай мәдениеті мен салт-дәстүрлері көрсетілген. Сонымен қатар біз тек өткенді ғана емес, бүгінгі Қазақстанды, қазіргі адамдардың өмірі мен айналысып жүрген істерін де таныстырамыз», – деді Боян Бркич.
Бұдан бөлек, Euronews «Орталық Азия үндері» жобасы аясында Қазақстан өкілдері қатысқан 20-дан астам шығарылым дайындады. Сондай-ақ елдің инвестициялық әлеуеті мен халықаралық бизнес мүмкіндіктерге арналған East-West Connect бағдарламасының 20-дан астам эпизоды жарық көрді.
Боян Бркичтің айтуынша, Euronews-тің цифрлық редакциясы жұмыс істеген уақыт ішінде Қазақстан мен өңір туралы жүздеген материал жариялаған. Онда еліміздің Еуропамен ынтымақтастығына және маңызды халықаралық сауда бағыттарындағы рөліне ерекше назар аударылған.










