Бозжыра шатқалындағы сапар орталығы қашан іске қосылады?

Маңғыстау өңіріне келетін туристер саны жыл сайын артып келеді. 2025 жылдың 9 айында 350 мыңнан астам турист келіп, 17,2 млрд теңгеге жуық қызмет көрсетілді. Ақтау әуежайы жолаушылар ағыны бойынша 4-орында тұр. Соңғы бес жылда әуежайдағы жолаушылар ағыны 70%-ға артып, 996 мыңнан 1,7 млн адамға өсті. Бұл жайлы облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.

Өңір шетелдік туристерді қабылдау бойынша 3-орында тұр.

«Осы жылы Дубай, Нүкіс бағыттары жаңадан ашылып, 2026 жылдан бастап Қытайға тікелей рейстер ашылады. 2026 жылдың 2 жартыжылдығында Кендірлі әуежайының құрылысы аяқталады. 3 теміржол вокзалын реконструкциялау жұмыстары аяқталуда. 2025-2029 жылдары құны 198 млрд теңгені құрайтын 17 туристік инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда. Биыл құны 4,6 млрд теңгені құрайтын 4 жоба іске қосылды. Туризм инфрақұрылымын кезең-кезеңімен іске асыру бойынша нақты жоспар бар», – деді өңір басшысы.

Біріншіден, Бозжыра бағытын дамыту, осы орайда биыл 13,2 шақырымды құрайтын жол құрылысы басталды, 2026 жылы электр жүйесі тартылады.

Бозжыра шатқалында сапар орталығының құрылысы аяқталып, алдағы туристік маусымда іске қосылады. 2026-2029 жылдары 17,5 млрд тенге болатын 3 жоба іске асырылады. Туризм саласындағы басты мәселелердің бірі бұл – маусымдылық.

Өңірде бірнеше термалды көздер орналасқан. Судың құрамы Карловы Вары, Есентуки сияқты әйгілі курорттарға тең.

Осы орайда, термалды бассейндері бар 150 орынға арналған санаторий-курорттық кешені жүзеге асырылуда. Жоба 2027 жылдың 2 тоқсанында аяқталады.

Сонымен қатар құрылысы тоқтап тұрған ғимараттарды жаңғырту және оларды тиімді пайдалану бойынша жұмыстар басты назарда. Биыл замануи лагерь кешені пайдалануға берілді.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp