Әкім Тарази өмірден озды

Бүгін қазақ әдебиетінің классигі, Қазақстанның еңбек ері, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы Әкім Тарази 92 жасында дүние салды, деп хабарлайды 24.kz

Әкім Ұртайұлы 1933 жылы 9 қыркүйекте Алматыда дүниеге келген.1957 жылы Абай атындағы мемлекеттік педагогика институтының филология факультетін бітірді. Орта мектепті 1950 жылы Жамбыл обылысы, Луговой қазіргі Рысқұлов ауданы, Жаңа тұрмыс ауылында бітірген. 1957-1959 жылдары Жамбыл обылысы Шу ауданы Жаңа тұрмыс орта мектебінде орыс тілі мен әдебиет сабақтарынан білім берді. 1960-1962 жылдары Мәскеудегі жоғарғы кинематография курсында дәріс тыңдады.

«Литературный газетаның» Қазақстандағы меншікті тілшісі, «Қазақфильмде» бас редактор, Қазақстан киногерлер Одағының бірінші хатшысы, КСРО киноматография Одағының хатшысы, одан кейін Қазақстан жазушылар Одағының хатшысы секілді лауазымды қызметер атқарды.  Әкім Таразидың алғашқы кітабы «Құйрықты жұлдыз» повесі 1966 жылы шықты. Одан кейінде «Ақбердінің ауласы», «Бұлтқа салған ұясын», «Тасжарған» романы, «Қорқау жұлдыз» романы, «Шер», «Қиянат», «Мұстафа Шоқай», «Тәж», «Жаңбырлы түндер» секілді романдары жарық көрген.

«Тұлпардың ізі», «Арман атаман», «Қараш-қараш», «Мұстафа Шоқай» секілді кинотуандылары қазақ киносының алтын қорына қосылған. Қазақ театрларының сахнасында  драматургиялық шығармалары: «Күлмейтін комедия», «Жақсы кісі», «Жолы болғыш жігіт», «Ақын, періште, махаббат», «Індет», «Махамбет», «Лайнер», «Үкілі жұлдыз», «Қыз махаббаты» т.б. сахналанды. Жазушының бірқатар дүниелері орыс, қытай, поляк, болгар, ағылшын тілдеріне аударылған.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp