ҚР Ұлттық архивінде мемлекет қайраткері, құжаттанушы Мирболат Жақыповтың жеке қоры ашылды

Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінде мемлекет және қоғам қайраткері, құжаттанушы Мирболат Жақыповтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Ерен еңбек иесі» атты жеке қоры ашылды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ашылу салтанатына мемлекет және қоғам қайраткерлері, архив саласының ардагерлері мен мамандары, сондай-ақ мерейтой иесінің отбасы қатысты.

Іс-шара аясында ұйымдастырылған көрмеге Мирболат Жақыповтың жеке қорынан 50-ге жуық құжат қойылып, ел тарихындағы маңызды кезеңдерге қатысты сирек әрі құнды архивтік материалдар таныстырылды.

Мирболат Хабиұлы — еліміздегі іс жүргізу және құжат айналымы саласының қалыптасуы мен дамуында айрықша із қалдырған тұлға. Ол – жаңаша іс жүргізу терминологиясының негізін қалаушы, газет-журналдарда жарық көрген жүздеген мақаланың, бірнеше кітап пен арнайы сөздіктердің авторы.

Мемлекеттік қызметтегі ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін «Құрмет», «Парасат», «Достық» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен және өзге де мерейтойлық марапаттармен наградталған.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp