Астанада Түркі мәдениеті және мұрасы қоры кеңесінің ІІ отырысы өтті

Бүгін Астанада ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Түркі мәдениеті және мұрасы қоры кеңесінің ІІ отырысы өтті

ҚР Ұлттық музейінде өткен жиынға Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова, Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев, сондай-ақ ұйымға мүше елдердің Мәдениет министрлері қатысты, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Кеңес отырысында «Түркі әлемінің келешегі – 2040» стратегиялық құжатындағы түркі мемлекеттері басшыларының тапсырмаларына сәйкес түркі мәдени мұрасын сақтау, зерттеу және оны халықаралық аренада насихаттау бойынша стратегиялық қадамдар талқыланды.

Аида Балаева Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры аса құнды мәдени және тарихи ескерткіштерді сақтаудың маңызды миссиясын атқарып келе жатқанын атап өтті.

«Бүгінде біздің елдер үшін тарихи-мәдени мұраны сақтау мәселесі өзекті. Ежелгі ескерткіштер мен артефактілердің жағдайына уақыт, климаттың өзгеруі және өкінішке қарай антропогендік фактор әсер етуде. Сондықтан қазір мұндай нысандарды консервациялау және реставрациялау саласындағы білікті мамандарға қажеттілік өсуде», – деді министр.

Сондай-ақ, Аида Балаева Түркістан қаласында реставраторларды оқыту жобасын іске асыруды ұсынды. Семинар әртүрлі елдер реставраторларының тәжірибе алмасуына және бірлескен жобаларды іске асыруға ықпал етеді.

Бұдан бөлек, түркі өркениеті дамуының түрлі тарихи кезеңдерін қайта жаңғырту мақсатында биыл «Ботай және Тұран – түркі әлемінің негіздері» тақырыбында семинар-тимбилдинг ұйымдастырылатынын айтты.

Жиында Ақтоты Райымқұлова қордың 2024 жылы атқарған қызметі туралы баяндалды. Сондай-ақ, 2025-2026 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары қарастырылды. Отырыс қорытындысы түркі елдерінің мәдени ынтымақтастығын дамытудағы маңызды қадам болып, мәдени мұраны сақтау саласындағы өзара байланысты нығайтып, халықаралық жобаларға жаңа серпін берді.

Сонымен қатар, кеңес отырысы аясында ҚР Ұлттық музейінде ҚР МАМ қолдауымен «Тіл – ізгіліктің бастауы: Диуан луғат әт-түрк» атты халықаралық көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті. «Диуан луғат әт-түрк» энциклопедиялық сөздігінің 950 жылдығына орай ашылған көрме түркілердің өркениет құрушы қырына баса назар аудара отырып, бүгінге жеткен бірегей қазынаны таныстыруды мақсат етеді.

Айта кетейік, 2025 жылы Түркі мәдениеті және мұрасы қоры кеңесіне Қазақстан Республикасы төрағалық етеді.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp