Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарына «Ұлттық» мәртебе беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарына «Ұлттық» мәртебе берілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі» – делінген Жарлық мәтінінде.