Орынсыз шығынды тоқтатып, аяғымызды тартып басу қажет – Мемлекет басшысы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев реформалардың нақты бағыты мен оны жүзеге асыру жолдары туралы осыған дейін де айтқанын тағы да еске салды. 

«Үкімет ел экономикасын тұралап қалудан сақтап, орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін күрделі шешімдер қабылдауы керек және ең бастысы сол шешімдерді іске асыруға тиіс. Бұл – жоғары білікті әрі жауапкершілік алуға дайын мемлекеттік қызметшілердің қолынан келетін жұмыс. Әлемдік тәжірибеге қарасақ, мемлекеттік аппараттың тиімділігі осындай күрделі кезеңдерде айқын көрінеді» – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар, Президент Үкіметтің жаппай үнемдеуге көшу қажеттілігіне тоқтала кетті.

«Үкімет қаншалықты қиын болса да, жаппай үнемдеуге көшіп, бюджет қаржысын тек қана аса өзекті мәселелерді шешуге жұмсауы керек. Көрпеге қарай көсілетін уақыт келді. Орынсыз шығынды тоқтатып, аяғымызды тартып басу қажет» – деді Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp