Қасым-Жомарт Тоқаев Лукашенконы сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Қазақстан мен Беларусь президенттері телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы Беларусь Республикасының Президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады.

Тараптар екіжақты күн тәртібінің, сондай-ақ өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың 26 қаңтарында Беларусь Республикасында президент сайлауы өтті. Беларусьтің Орталық сайлау комиссиясының алдын ала деректері бойынша, қазіргі мемлекет басшысы Александр Лукашенко сайлаушылардың 86,82 пайыздық қолдауына ие болды.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp