«Қазақстан алюминийі» АҚ гидрометаллургиялық цехында жұмыс кезінде екі жұмысшыға сілтілі ерітінді тиген. Олардың бірі жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Kazinform.
Оқиға 15 тамызға қараған түні болған.
«Зардап шеккендер қалалық аурухананың күйік бөліміне жеткізілді. Олардың бірі жалпы палатада емделсе, екінші қызметкер жансақтау бөлімінде жатыр. Зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетілуде. Кәсіпорын қажетті дәрі-дәрмектер сатып алды, жансақтау бөліміндегі қызметкерге күйікке қарсы төсек сатып алынды, ол бөлімде қалады», – деп түсіндірді алюминий зауытында.
Оқиға туралы тиісті органдарға хабарланып, тергеу амалдары жүргізілуде.