65 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді – ҚР ҚМА

Қаржылық мониторинг агенттігі заманауи талдамалық құралдарды пайдалана отырып, 61 ірі инфрақұрылымдық нысанды жоспарлау кезеңінде олардың құнын төмендету үшін резервтерді анықтады

Нәтижесінде облыс әкімдіктерімен бірлескен жұмыс ЖСҚ түзетіліп, 65 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді. Қазіргі уақытта 11 млрд теңгеге қымбаттату тәуекелі бар тағы 12 нысанның құжаттары тексерілуде, деп мәлімдейді ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

Мәселен, елордада әкімдікпен бірлескен жұмыстың нәтижесінде магистральдық кәріз коллекторын салу бойынша инфрақұрылымдық объектіні жобалау кезінде мемлекеттің 5,3 млрд теңгеге артық шығыстарының алдын алынды (нәтижесінде жобалау сатысында құрылыс құны 26,4 млрд теңгеден 21 млрд теңгеге дейін төмендетілді).

ҚМА талдау нәтижелері бойынша Ақтөбе қаласының “Парасат” тұрғын алабында электрмен жабдықтау желілерін салу” объектісін жобалау сатысында 3 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді.

ҚМА бұл бағыттағы жұмысты еліміздің барлық өңірлерінде жүргізеді.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp