Өмір бойына бас бостандығынан айыру: Депутаттар есірткі өндірісі үшін жауапкершілікті күшейту мәселесін қарастыруда

Қазақстанда есірткі зертханалары санының өсуі байқалады. Осы жылдың жеті айында полиция тек синтетикалық есірткі өндіруді жолға қойған 24 жасырын есірткі зертханасын жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тек Алматыда осындай 11 факт анықталды. Eкінші орынды Алматы облысы иеленді, онда полицейлер жеті заңсыз синтетикалық есірткі өндірісін жойды. Есірткі өндірушілерден 200 кг-нан астам “синтетика” және екі тоннадан астам прекурсор тәркіленді.

Соңғы екі аптада Алматыда екі есірткі зертханасы жойылды.

Шілде айының соңында үш астаналық тұрғын ұсталды. Олар 800 мың теңгеге үй жалдап, онда мефедрон өндірісін ұйымдастырған. Барлық жабдықтар мен химиялық заттарға қашықтан тапсырыс берген. Күдіктілерден 20 кг дайын есірткі, 250 литр прекурсор мен химиялық жабдықтар тәркіленді.

Он күннен кейін полицейлер есірткі сақтады деген күдікпен 23 жастағы алматылық тұрғынды ұстады. Ол тұрған үйдің төбесін тінту кезінде мефедрон, прекурсор, тыныс алу маскасы, есірткі синтезіне арналған жабдық тәркіленді. Қаскөйдің “виртуалды” кураторлары дайын есірткінің килограмы үшін 1,5 млн теңге төлеуге уәде берген.

Есірткі өндірісі үшін бұл жігіттің 15 жылға жуық мерзімге бас бостандығынан айырылатыны анық.

Бүгінде есірткі өндірісінде қолданылатын химиялық жабдықтардың айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілген.

Қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінде есірткі өндіргені үшін жазаны өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін қатаңдататын заң жобасы қаралуда. Бұл бастамаларды қоғам қолдайды.

Сонымен қатар есірткіні таратқаны үшін жаза мерзімдерін қысқартып, оларды өндіргені үшін жауапкершілікті күшейту бойынша азаматтар құрған екі петиция қарауға алынды.

Сол сияқты қараңыз

Пікірлер орны

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top

Поделиться

Facebook
VK
OK
WhatsApp